Еңбек шарты бойынша ұлттық санақтарға дайындық және өткізу жөніндегі нұсқаушыларды қабылдау туралы хабарландыру

Еңбек шарты бойынша ұлттық санақтарға дайындық және өткізу жөніндегі нұсқаушыларды қабылдау туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті» РММ   (160012, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 30 а, анықтама үшін телефон: 8 (7252) 39-50-45, электронды мекенжай:  b.erzhan@aspire.gov.kz) еңбек шарты бойынша ұлттық санақтарға дайындық және өткізу жөніндегі нұсқаушыларды (уәкілдерді) қабылдауға жариялайды.

Бос орын саны: 21 адам.

Жұмыс кезеңі: 2021 жылғы 15 сәуірден бастап 15 қарашаға дейін.

Функционалдық міндеттері: ұлттық халық санақты жүргізуді ұйымдастыру және дайындық іс-шараларын өткізу, жаппай-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, санақ персоналын оқыту және жұмысын үйлестіру, санаққа қатысты өзге де мінттерді орындау

 

Лауазымдық жалақы

Санат

Еңбек өтіліміне байланысты мамандық бойынша жұмыс.

(0-25 және одан артық жыл), теңге

min

max

С-2

72 557,70

85 476,51

С-3

58 577,07

65 121,96

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

«Мемлекеттік статистикалық қызмет және сауда қызметін реттеу салаларындағы ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 3 наурыздағы № 92 бұйрығына сәйкес.

Білімі: С-2 санаты –білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

С-3 санаты – білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе жұмыс өтіліне қойылатын талаптарсыз тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім.

 

Білімі: ұлттық санақтарын өткізу сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілері, еңбек заннамасының негіздері.

 

Іскерлігі мен дағдылары: жұмыста дербес компьютерді (Microsoft Office – Word, Excel, Power point бағдарламаларды білу), планшетті, офистік көшірме жасау, аудио және бейне техниканы пайдалану бойынша, электрондық почта және Интернеттің әртүрлі браузерлерде жұмыс істеу бойынша.

 

Жеке құзыреттері: көшбасшылық, талдамалық пайымдау, кәсіпқойлық, нормативтілік, ықпал ету, жоспарлау және ұйымдастыру, жауапкершілік, нәтижеге бағдарлану, командада жұмыс, ауызша және жазбаша коммуникация, әдептілік нормаларын ұстану, эмпатия, клиентке бағдарлану.

Қонкурсқа қатысу үшін түйіндемені Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің электрондық және почталық мекенжайына жолдау қажет.