АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА (6)

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА (6)

2020 жылы БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары

2,1 триллион теңгеге артты   

БЖЗҚ-ның 2021 жылдың 1 қаңтарындағы негізгі көрсеткіштері 

2021 жылдың 1 қаңтарында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,9 триллион теңге  зейнетақы жинақтары қалыптастырылды. Жыл бойы, яғни 01.01.2020 жылдан бастап 01.01.2021 жылға дейін сома 2,1 трлн теңгеге немесе 20% көбейді. 

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталып, оның мөлшері 12,6 трлн теңге (2020 жылдың басынан бергі өсім – 19%) болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 315,3 млрд теңгеге (өсім 28%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,2 млрд теңгеге  (өсім 12%) жетті.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2021 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезең ішінде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 1,2 трлн теңге таза инвестициялық табыс есептелді. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 578,1 млрд теңгеге (өсім 90%) артық. Инвестициялық табыстың бұл жолы да зейнетақы жарналарының сомасынан асып түскенін атап өткен жөн.

2020 жылдың басынан бері салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 1,1 трлн теңге зейнетақы жарналары аударылды, ол 2019 жылғы көрсеткіштен 94,8 млрд теңгеге немесе 10% асып түсті. Жарналардың жалпы көлемінің 95,6 пайызын БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша аударылған 1,04 трлн теңге мөлшеріндегі түсімдер (өсім 10%) құрайды. 46,9 млрд теңгенің аударымы  МКЗЖ  бойынша (өсім 8%) жасалса,  539 миллион теңге  ЕЗЖ бойынша (өсім 51%) аударылған.    

БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2021 жылдың 1 қаңтарында 11,6 миллион бірлікті (жыл басынан бергі өсім 10% ) құрады. Шоттардың басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған, олардың саны – 10 981 218 (өсім – 11%). Одан кейін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған шоттар – 528 283 (өсім – 4%). БЖЗҚ-дағы ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша ашылған шоттардың  саны қазір 57 645 бірлік (өсім – 6%).     

Төлемдер 193,4 млрд теңгені құрады. Оның басым бөлігі, атап айтқанда 35% жасы бойынша төлемдер (67,7 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (46,3 млрд теңге), Қазақстан Республикасынан тыс ТТЖ кету (36,8 млрд теңге), мұрагерлерге (36,5 млрд теңге), жерлеуге (4,4 млрд теңге) , мүгедектік бойынша (1,7 млрд теңге) берілген төлемдер.

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).