МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ӘДЕП НОРМАЛАРЫ МЕН ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ӘДЕП НОРМАЛАРЫ МЕН ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

 

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен қызметтік әдеп нормалары мен заң талаптарын сақтау мәселелеріне арналған жиын өтті.

Жиынды аудан әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы жүргізіп, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын орындауы және мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелерге тоқталды.

Жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Керімханұлы Қадырбеков 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңның негізгі талаптарына тоқталып, заңнамадағы өзгерістер мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері жөнінде түсіндірді.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мұратжан Омарбекұлы Акишев мемлекеттік қызметтің қоғамдағы маңыздылығына тоқталып, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, азаматтармен қарым-қатынаста жоғары мәдениет пен жауапкершілік танытудың маңызын атап өтті.

Кездесу соңында мемлекеттік қызметшілерге заң талаптарын мүлтіксіз орындау, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында тиісті міндеттер айқындалды.