
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту — ортақ міндет.
Еңбекші ауданы әкімінің аппараты мен Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының мамандары бірлесіп, аудан аумағындағы кәсіпкерлер арасында Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңнамасының талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кәсіпкерлерге маңдайша, жарнама және көрнекі ақпараттарды орналастыру талаптары түсіндіріліп, заң бұзушылық болған жағдайда әкімшілік жауапкершілік пен айыппұл қарастырылатыны ескертілді.
Заңды білу — міндет.
Тілді құрметтеу — парыз.