
Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Қазақстан-Түркия достығы» саябағында Қала күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Е. Күзенбаев тұрғындарды айтулы күнмен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға Алғыс хаттар табыстады.
Мерекелік кеш өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласып, музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен әсем әндер шырқалып, би биленді. Сонымен қатар іс-шара аясында бүлдіршіндер үшін арнайы аниматорлар жұмылдырылып, қызықты ойындар ұйымдастырылды.