
19 маусым – Қала күні қарсаңында Еңбекші ауданының Базарқақпа тұрғын алабындағы Абдалиев және Қараөткел көшелерінде балалар ойын және спорт алаңдары пайдалануға берілді.
Іс-шараға тұрғындар мен балалар қатысты. Ашылу барысында ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен шағын мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге ойыншықтар табысталды.
Жаңа алаңшалар тұрғындардың игілігіне беріліп, балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне және спортпен шұғылдануына мүмкіндік жасалды.