
Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел әрі заң шеңберінде оңтайлы шешім табу мақсатында кезекті азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.
Ашық диалог форматында өткен қабылдауда тұрғындар тарапынан ішкі орам көшелеріне жол салу және инфрақұрылымды кешенді абаттандыру, аулаларға балалар мен спорт алаңқайларын орнату, сондай-ақ апатты үйлерді инвесторлар есебінен реновациялау мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау, тұрғын үй кезегі және ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған өзге де даму ұсыныстары қаралды.
Қабылдау барысында әрбір азаматтың арыз-шағымы мұқият тыңдалып, заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Нақты зерделеуді қажет ететін сұрақтар бойынша жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді.
Көтерілген барлық мәселелердің заңды әрі сапалы орындалуы — тікелей бақылауда.