
2026 жылғы 29 мамырда Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша жария талқылау өтті.
Іс-шараға талдау жүргізген жұмыс тобының мүшелері қатысып, анықталған тәуекелдер мен оларды жою жөніндегі нақты ұсыныстар қаралды.
Аппарат басшысы С. Нұрманов ішкі талдаудың негізгі бағыттары, жүргізілу барысы және нәтижелері туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеті екені айтылып, заң талаптарын қатаң сақтау, қызметтік әдепті ұстану және қоғам алдындағы жауапкершілікті арттыру мәселелері көтерілді.