“Таза Қазақстан” – берекелі болашағымыздың кепілі

“Таза Қазақстан” – берекелі болашағымыздың кепілі

 

🔹Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Еңбекші ауданында тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Осы шара шеңберінде Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен қаламыздың мақтанышы, даңқты қолбасшы Сабыр Рахимовтың ескерткішін жуу және айналасын ретке келтіру жұмыстары өтті.

🔹Бұл игі бастамаға №12 мектептің оқушылары белсенді атсалысты. Жастар ескерткішті тазартып, маңайын ретке келтіру арқылы туған қаланың тазалығына деген жанашырлықтарын көрсетті. Сонымен қатар, мектеп оқушылары жиналған қауымға арнайы дайындаған мерекелік бағдарламаларын ұсынып, патриоттық ән шырқап, би биледі.

🔹Іс-шара барысында қатысушыларға Сабыр Рахимовтың өмір жолы мен ерліктері туралы тағылымды деректер айтылды. Сабыр Рахимов — Екінші дүниежүзілік соғыстың қаһарманы, гвардиялық дивизияны басқарған алғашқы қазақ генералы. Майдан даласындағы батылдығы үшін «темір генерал» атанған тұлғаның есімін ұлықтау — бүгінгі ұрпақтың парызы.

🔹«Таза Қазақстан» акциясы тек тазалық орнату ғана емес, өскелең ұрпақтың бойында қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруды көздейді.