ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН: ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН: ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

 

🔹9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Еңбекші ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

🔹Шараға тыл ардагерлері, соғыс ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары және аудандық актив қатысты.

🔹Мерекелік жиын барысында ардагерлерге ерекше құрмет көрсетіліп, олардың ерлігі мен ел болашағы үшін сіңірген өлшеусіз еңбегі атап өтілді. Қатысушылар майдан және тыл жылдарындағы қиын кезеңдерді еске алып, ардагерлерге алғыстарын білдірді.

🔹Іс-шара аясында ардагерлерге сый-сияпаттар табысталып, арнайы құрмет көрсетілді. Сондай-ақ қонақтарға дастархан жайылып, еркін форматтағы жүздесу ұйымдастырылды.

🔹Мерекелік бағдарлама барысында театрландырылған шағын көрініс ұсынылып, кештің мазмұнын аша түсті. Сонымен қатар концерттік бағдарламада әншілер мен бишілер өнер көрсетіп, жанды дауыста орындалған әндер мен аспаптық сүйемелдеудегі музыкалық туындылар көрермендерге ұсынылды.