
Бүгін — 7 сәуір, Мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
Осы айтулы күнге орай, аудан әкімі аппаратының сала мамандары мен ауданымыздағы полиция және қорғаныс істері мекемелерінде қызмет ететін бірқатар мамандар аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Марапаттау рәсімінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудағы мамандардың рөлі ерекше атап өтілді. Бұл марапат — олардың мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайту жолындағы қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігіне берілген жоғары баға.
Азаматтардың өтініштері мен мәселелерін шешуде жеделдік, төзімділік және жауапкершілік танытып жүрген сала мамандарының еңбегі — қоғам сенімінің кепілі.