
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Еңбекші ауданы «Бадам» су қоймасының аумағындағы кең көлемді тазалық шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шара Еңбекші ауданы әкімі аппараты мен Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен өтті.
Тазалық акциясына қала жастары мен ерікті волонтерлер белсенді қатысып, табиғи аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарына атсалысты. Нәтижесінде аумақ қоқыстан тазартылып, экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосты.
Мұндай шаралар жастардың қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттырып, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Қаламыздың тазалығы – баршамызға ортақ міндет!