МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ДҰРЫС ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ЖОСПАРЛЫ МОНИТОРИНГ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ДҰРЫС ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ЖОСПАРЛЫ МОНИТОРИНГ ӨТТІ

Еңбекші ауданы әкімі аппаратының және Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін дұрыс қолдану және олардың талапқа сай орналастырылуын қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағында орналасқан мекемелерде жоспарлы мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – Мемлекеттік рәміздердің қолданыстағы заңнама талаптарына сай пайдаланылуын бақылау, олардың дұрыс орналастырылуын қадағалау, сондай-ақ мекеме қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады. Сонымен қатар, бұл жұмыстар ел рәміздеріне деген құрмет пен патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған.

Мониторинг барысында анықталған кемшіліктер бойынша тиісті актілер түзiліп, оларды талапқа сай келтіру жөнінде мекеме басшылығына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Осындай мониторингтік жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.