Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес:
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізілсін.
2.Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы:
«Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауалмен республикалық референдумға шығарылсын.
3.Осы Жарлық пен Конституцияның жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын.
4.Республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу
•— Референдумның орталық комиссиясы — Орталық сайлау комиссиясына,
•— Референдумның аумақтық және учаскелік комиссиялары — тиісті аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына
қызметін атқарсын.
5.Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен және басқа мемлекеттік және жергілікті органдармен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
6.Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 11 ақпан
№ 1170