
Шымкент қаласында Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасы аясында тозығы жеткен тұрғын үйлердің тұрғындарын кезең-кезеңімен жаңа, қолайлы пәтерлерге орналастыру жұмыстары жалғасуда.
Бағдарлама басталғалы бері Көксай шағынауданынан 102 отбасы жаңа мекенжайға көшті. Тұрғындарға Шымкент Сити және Тұран шағынаудандарынан заманауи пәтерлер ұсынылды.
Бүгін Нұрлыбаев көшесі, №13 мекенжайдағы үйдің 8 отбасы жаңа пәтерлерінің кілттерін алды. Кілт табыстау рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков қатысты.
Іс-шара барысында тұрғын үй жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы айтылып, шағынауданды жаңғырту тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталғаны атап өтілді.
Көксай шағынауданын жаңғырту – қалалық ортаны дамытуға және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жұмыстардың бір бөлігі.