
Еңбекші ауданының шалғай орналасқан Тоғыс, Елтай, Маятас, Айнатас және Жыланбұзған тұрғын алабтарының тұрғындарымен кездесу өтті.
Жиынға Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек, аудан прокуроры Р.Жақсылық, аудандық полиция басқармасының бастығы Ж.Бейсенов, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты.
Кездесу барысында тұрғындардың көкейкесті мәселелері тыңдалып, оларды шешу жолдары жан-жақты талқыланды. Барлық ұсыныс-өтініштер қабылданып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Халықпен ашық диалог — басты міндет.