Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында Шымкент қаласының Еңбекші ауданында кезекті рет «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылды.
Жобаның мақсаты Еңбекші ауданының аумағында:
1) аумақты көгалдандыру;
2) тротуарларды жайластыру;
3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
4) ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де объектілер);
5) бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;
7) ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
8) аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
9) санитарияны қамтамасыз ету.
Жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы қалалық бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
🔹«Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша тұрғындардан өтінімдер ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан бастап 1 наурызына дейін қабылданады;
🔹Кез-келген аудан тұрғыны аудан аумағын абаттандыру, дамыту және жақсарту бойынша өз идеясын ұсына алады;
🔹Егер Сіздің жобалық ұсынысыңызды дауыс беру процесінде басқа тұрғындар қолдаса, ол жоба қалалық бюджет есебінен жүзеге асыруға ұсынылады;
🔹Сіздердің ұсыныстарыңызды 2026 жылдың 1 наурызына дейін күтеміз!
🔹Еңбекші ауданы бойынша «Халық қатысатын бюджет» жобасының жұмысшы органы Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты;
🔹Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефон: 8(7252) 43-30-05;
🔹Жобалық ұсыныстар бойынша өтінімдер Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында «Халық қатысатын бюджет 2027» сілтемесі арқылы қабылданады;
🔹Жобаға қатысты қосымша ақпараттармен Еңбекші ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналасқан «Халық қатысатын бюджет 2027» сілтемесі арқылы танысуға болады.