
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қала тұрғындарын бірыңғай жеке қабылдауы өтті.
Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік мәселелер, тұрғын үй, коммуналдық қызметтер, инфрақұрылым, жер қатынастары және өзге де бағыттар бойынша өз өтініш-тілектерін жеткізді.
Жеке қабылдауға аудан әкімдерінің аппараттары мен тиісті сала басқармаларының өкілдері қатысып, көтерілген мәселелер бойынша тұрғындарға қолданыстағы заңнама аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Азаматтардың өтініштері белгіленген тәртіпке сәйкес кезең-кезеңімен қаралып, заң шеңберінде тиісті шаралар қабылданатын болады.