
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №1119 Жарлығына сәйкес Еңбекші ауданында көпбалалы аналарды марапаттау рәсімі өтті. Аталған салтанатты шара барысында 4 анаға «Алтын алқа», 22 анаға «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары табысталды.
Марапаттау рәсіміне арнайы қатысқан Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Миятбекұлы алтын құрсақты аналарды шын жүректен құттықтап, аналардың қоғамдағы айрықша рөлін атап өтті. Сондай-ақ ізгі тілегін білдіріп, гүл шоқтарын табыстады.
Қазіргі таңда Еңбекші ауданында 8 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Олардың ішінде 702 ана «Алтын алқа», ал 2127 ана «Күміс алқа» иегері атанған.
Анықтама үшін:
Егер Сіздің мекенжай тіркеуіңіз (прописка) Еңбекші ауданында болса, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларын алу үшін қажетті құжаттарды Л. Толстой көшесі, №119 үйде орналасқан аудан әкімінің аппаратына тапсыра аласыз.