
Еңбекші ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен А.Әлімбетов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үй аулаларында «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» экологиялық акциясы аясында «Таза аула» апталығында санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға аудан әкімінің аппараты қызметкерлері, «Еңбекші» КММ қызметкерлері, сондай-ақ жастар мен белсенді тұрғындар қатысты.
Тазалық жұмыстары аясында қоқыс алаңшаларын жуу, шөптерді ору, ағаштарды қырқу, көшелерді тазалау және сыпыру, аялдамаларды жуу, қоқыстарды санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Құрметті аудан тұрғындары!
Қаламыздың тазалығын сақтау – әрбір тұрғынның парызы. Қоршаған ортаны ластауға жол бермей, тұрмыстық мәдениетті ұстануға шақырамыз.