
Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Оқушылар сарайында балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты дәстүрлі мерекелік шырша кеші өтті.
Кішкентай қатысушылар Аяз ата мен Ақшақарды қуана қарсы алып, өз өнерлерін ортаға салды. Жаңа жылдық билер мен көңілді сәттер мерекенің шырайын аша түсті. Балалар тәтті сыйлықтарға ие болып, жүздерінен шаттық пен қуаныш байқалды.
Ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өткен ойындар мен қызықты қойылымдар балаларға ерекше көңіл-күй сыйлап, жаңа жылды шаттықпен қарсы алуларына мүмкіндік берді. Бұл мереке баршаға жылы әсер мен ұмытылмас естеліктер сыйлады. 🌟
Жаңа жыл әр отбасыға бақыт, береке және қуаныш әкелсін! 💫