
Бүгін «Amanat» партиясының қалалық филиалында аудан әкімі Д. Есілбек тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар жер кезегі, қоғамдық көлік аялдамалары, жаяу жүргіншілер жолақтары, қоғамдық қауіпсіздік, бейнебақылау камераларын орнату, кәсіпкерлік саласы, сондай-ақ су жиналатын аумақтар бойынша өзекті мәселелерін көтерді.
Көтерілген сұрақтарға қолданыстағы заңнама аясында түсіндірме беріліп, нақты бағыт-бағдар ұсынылды. Қосымша уақытты қажет ететін мәселелер хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыс жоспарына қойылды. Аталған мәселелер кезең-кезеңімен шешілетін болады.