ЕҢБЕКШІ АУДАНДЫҚ БАС ШЫРШАНЫҢ ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ 🎄

ЕҢБЕКШІ АУДАНДЫҚ БАС ШЫРШАНЫҢ ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ 🎄

 

🔹 Алатау саябағында Еңбекші ауданындағы бас шыршаның шамын жағу рәсімі өтіп, ауданда жаңа жылдық мерекенің шынайы лебі сезілді.

🔹Мерекелік кеш барысында көңілді әндер шырқалып, түрлі ойындар мен қызықты бағдарламалар ұйымдастырылды. Арнайы шақырылған аниматорлар балалармен бірге ойнап, мерекелік көңіл-күйді одан әрі жандандыра түсті.

🔹Кеш барысында Аяз ата мен Қаршақыз сахнаға шығып, аудан тұрғындарын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады, бүлдіршіндерге ерекше қуаныш сыйлады. Балалардың шат күлкісі мен ақ тілектері кештің көркін аша түсті.

🔹Әсем безендірілген шыршаны айнала жүрген балалар тақпақ айтып, мерекенің сәнін келтірсе, кеш соңында бүлдіршіндерге жаңа жылдық тәттілер таратылып, қуаныштары еселене түсті.

Құрметті Еңбекші ауданының тұрғындары!
Жаңа жыл әр үйге – ырыс-береке, әр жүрекке – үміт пен сенім, әр күнге – шуақ пен шаттық әкелсін! Балалардың күлкісі үзілмей, ел аман, жұрт тыныш, болашақ нұрлы болғай!