«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» – ТАЗА ҚАЛА, ТАЗА САНА

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» – ТАЗА ҚАЛА, ТАЗА САНА

 

Шымкент қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тазалықты сақтау мақсатында кезекті «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Іс-шара «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен Еңбекші ауданындағы Ш.Уәлиханов көшесінде орналасқан №237, 239 көпқабатты тұрғын үйлер ауласында өткізілді.

Акцияға партияның қалалық және аудандық филиалдарының қызметкерлері мен коммуналдық сала өкілдері қатысып, аумақты санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде қоқыс жиналып, шөп орылып, ағаштар күтіп-бапталды.

«Таза бейсенбі» акциясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында тұрақты түрде өткізіледі. Шара тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындарын тазалықты сақтауға және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырды.