
Еңбекші ауданы әкімінің аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл
С. Нұрмановтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өткізілді.
Мәжілісте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және қызмет барысында жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мәселелері қаралды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысу заңмен тыйым салынатыны атап өтілді.
Қызметшілердің адал және әділ жұмыс істеуі, сондай-ақ жеке өмірде тәуелділіктерден аулақ болу – қоғам сенімін арттырудың басты факторы екені ерекше назарға алынды.
Адалдық, тәртіп және жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің басты құндылықтары!