
Еңбекші ауданы әкімі аппараты мен Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті бірлесіп, «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне» арналған танымдық кездесу өткізді. Биылғы жиын университеттің мәжіліс залында ұйымдастырылды.
Кездесуге ауданның белсенді жастары, оқытушы-профессорлар құрамы, сондай-ақ желтоқсан оқиғасының ардагерлері – «Желтоқсан Республикалық халықтық-отаншылдық қозғалысы», «Желтоқсан ақиқаты», «Желтоқсан-86 Тәуелсіздік таңы» қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары мен өкілдері қатысты.
Шара барысында қатысушылар желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын айқындайтын деректермен танысып, сол кезеңге қатысты деректі материалдар ұсынылды. Желтоқсан оқиғасының куәгерлері өз естеліктерін бөлісіп, жастарға тағылымды ой-түйіндерін жеткізді.
Кездесу соңында ардагерлерге қоғамдық белсенділігі үшін алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталып, құрмет көрсетілді.