
Еңбекші ауданының әкімі аппараты мен Еңбекші аудандық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тұрғындарға тұрмыстық қауіпсіздік пен газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Құрметті тұрғындар! Өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін:
✅ Газ жабдықтарының жай-күйін үнемі бақылаңыз;
✅ Үйдегі ауа айналымының дұрыс болуын тексеріп отырыңыз;
✅ Газды пайдаланғанда барлық сақтық шараларын ұстаныңыз.
Қауіпсіз орта — барлығымыздың ортақ жауапкершілігіміз!