ЦИФРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЦИФРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ


Еңбекші ауданы әкімінің аппараты мен Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті бірлесіп, «Интернеттегі цифрлық қақпандар: өзіңді қалай қорғау керек», «Дипфейктер мен жаңа қауіп-қатерлер» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға аудандық ардагерлер кеңесінің және қоғамдық бақылау кеңесінің мүшелері, зейнеткерлер қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – азаматтардың цифрлық қауіпсіздік сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ, қауіпсіз цифрлық қоғам қалыптастыру.

Құрметті тұрғындар Қауіпсіз цифрлық орта – әрқайсымыз үшін маңызды!