"БАҚЫТТЫ ӘЙЕЛ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

"БАҚЫТТЫ ӘЙЕЛ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

 

Еңбекші ауданы әкімі аппараты «Жалын» қоғамдық бірлестігімен бірлесе ауданның әйел азаматтарымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесудің басты мақсаты – әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, рухани және психологиялық тұрғыда дамуына үлес қосу.

Кездесуге «Отбасы банк» акционерлік қоғамының, Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының, Еңбекші ауданы бойынша Еңбек мобильдігі орталығының маманы мен заңгерлері, халықаралық құқық мамандары, теологтар және психологтар қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар сала мамандарымен ашық сұхбаттасып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауаптар мен пайдалы ақпараттар алды.