
Аудан әкімінің орынбасары Е.Күзенбаев жауапты сала мамандарымен бірге аудан орталығын аралады.
Аралау барысында Ш.Уалиханов, Орынбай ақын, Жанқожа батыр және Елшібек батыр көшелерінің, сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлер аулаларының санитарлық тазалығы мен түнгі жарықтандыру жұмыстары, кәсіпкерлік нысандардың қасбеттері мен аумақтарының тазалығы, заңсыз сауда орындарының жағдайы тексерілді.
Сонымен қатар саябақтар мен құрылыс жүргізіліп жатқан қоғамдық кеңістіктер де назардан тыс қалмады.
Анықталған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар беріліп, алдағы жұмыс жоспары нақтыланды.
Тазалық пен тәртіп – ортақ жауапкершілік екенін ескере отырып, бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда болады.