
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 14 қазандағы №1044 Жарлығына сәйкес Еңбекші ауданындағы 15 анаға “Алтын алқа”, 41 анаға “Күміс алқа” алқалары салтанатты түрде табысталды.
Марапаттау рәсіміне арнайы қатысқан Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Миятбекұлы аналарды құттықтап, ыстық лебіздерін білдіріп, гүл шоқтарын табыстады.
Бүгінде ауданымызда 8 мыңнан астам көпбалалы аналар бар. Олардың ішінде 698 ана “Алтын алқа”, ал 2105 ана “ Күміс алқа” иелері.
Анықтама үшін:
Егерде Сіздің мекенжай тіркеуіңіз (прописка) Еңбекші ауданында болса, “Алтын алқа” және “Күміс алқа” алқаларын алу үшін қажетті құжаттарды Л.Толстой көшесі, №119 үйде орналасқан аудан әкімінің аппаратына тапсыра аласыз.