
Өткен демалыс күндері аудан прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аудан әкімі аппараты рейдтік іс-шара ұйымдастырды.
Рейдке аудан прокуратурасының, полиция басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ аудан аумағындағы емхана мен мектеп өкілдері қатысты.
🔹 Іс-шара барысында жастар жиі жиналатын орындар, ойын-сауық орталықтары, мейрамханалар және қоғамдық нысандар тексерілді.
🔹 Рейдтің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.
‼️ Құрметті ата-аналар!
Балаларыңыздың қауіпсіздігі үшін түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында,
ал 23:00-ден кейін тұрғын үйден тыс жерлерде заңды өкілінсіз жүруіне жол бермеулеріңізді сұраймыз.