«РЕСПУБЛИКА КҮНІ» ҚАРСАҢЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

«РЕСПУБЛИКА КҮНІ» ҚАРСАҢЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ


Бүгін Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығында “25-қазан Республика күні және
Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның
35 жылдығы” мерекелеріне арналған концерттік іс-шара өткізілді.

Концерттік бағдарламада облыстық филармонияның танымал әншілері мен бишілері өнер көрсетті.

Мереке қарсаңында аудан әкімі Д.Есілбек кеш қонақтарын құттықтап, қала мен ауданымыздың экономикасының дамуы мен қалыптасуына еңбек етіп, тәрбие мен білім, денсаулық сақтау, құқық қорғау мен коммуналдық салаларында аянбай еңбектерімен ерекше үлес қосқан 15 саланың үздік қызметкерлері марапатталды.