Аудан аумағында Аула чемпионаттары өтті

Аудан аумағында Аула чемпионаттары өтті
Аудан аумағында Аула чемпионаттары өтті
 
Осы демалыс күндері аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында жасөспірімдерге арналған спорттық “Аула чемпионаттары” өтті. Шара салауатты өмір салтын насихаттап, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталды.
 
Чемпионаттар келесі мекенжайларда ұйымдастырылды:
•Ш. Уәлиханов көшесі, 200А үй;
•Ш. Уәлиханов көшесі, 241 үй;
•Ш. Уәлиханов көшесі, 235 үй;
•Орынбай ақын көшесі, 95А, 95Б, 97 үйлердің аулалары.
 
Қатысушылар асық ату, ләңгі тебу, торға доп салу, доп тебу, арқан тарту секілді ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен сайысты. Жүлдегерлерге алғыс хаттар мен медальдар табысталды.
 
Аула чемпионаттары – балаларды спортқа баулудың және аулаішілік достықты арттырудың тиімді тәсілі.