БАДАМ-1 ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

БАДАМ-1 ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Жастар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында Бадам-1 тұрғын алабында заманауи спорт кешені пайдалануға берілді.

Аталған жоба «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің демеушілігімен, кәсіпорынның 40 жылдық мерейтойы қарсаңында жүзеге асты.

Салтанатты ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Шымкент мұнай өңдеу зауытының басшылығы қатысты. Қонақтар тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, игі бастаманың маңыздылығын атап өтті.

Жаңа спорт кешені – қаламыздың спорттық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған игі істердің бірі. Бұл кешен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне және спортпен жүйелі түрде айналысуына зор мүмкіндік береді.