Бүгін Қойкелді батыр көшесінде кезекті сенбілік ұйымдастырылып, аудан аумағында кешенді санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді.
🔹 Жол жиектері мен көпқабатты тұрғын үйлер аулалары күл-қоқыстан тазартылды
🔹 Шөптер орылып, ағаш бұталары қырқылды
🔹 Көшелер мен аялдамалар арнайы техника көмегімен жуылып, ретке келтірілді
🔹 Жиналған тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар полигонға шығарылды
Аталған сенбілікке Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, «Еңбекші» КММ және «Группа Интеко» ЖШС-нің жұмысшы тобы белсенді түрде атсалысты.
🔸 Мұндай іс-шаралар аудан тұрғындарына қолайлы экологиялық орта қалыптастыруға бағытталған.
🔸 Тазалық – тек сенбілікте емес, күнделікті өмірде де әр азаматтың ортақ міндеті.