Бүгін қала әкімі Ғ.Сыздықбековтің қатысуымен бірыңғай қабылдау күні өтті.
Әкімдік ғимаратында өткен қабылдау барысында аудан әкімі Д.Есілбек тиісті сала мамандарымен бірге тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, нақты жауаптар берді.
Әрбір көтерілген мәселе назардан тыс қалмай, заң аясында әділ шешімін табуы үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді.