Ауданда санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті. Іс-шара ауданның барлық аумағын қамтыды.
Сенбілік барысында шөптер орылып, ағаш түптері ашылды. Көшелер мен аялдамалар сыпырылып, жуылып, қоқыстар шығарылды. Каналдар мен лотоктар тазартылып, су өткізу арналары ашылды. Арнайы техникалардың көмегімен қалдықтар сыртқа шығарылып, кейбір көшелерге құм төселіп, тегістеу жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға аудан әкімі аппаратының ұжымы, “Еңбекші” КММ мен “Группа Интеко” ЖШС қызметкерлері, белсенді тұрғындар, жастар және кәсіпкерлер қатысты.
Аудан әкімі аппараты тарапынан қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, қауіпсіздік шаралары сақталды.
Мұндай сенбіліктер ауданның санитарлық жағдайын жақсартып, экологиялық ахуал мен тұрғындардың өмір сапасын арттыруға өз үлесін қосады.