Аудан әкімінің орынбасары Е. Күзенбаевтің төрағалығымен атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) өтініш білдірушілердің үй тұрмыстық жағдайын зерделеу кезінде туындайтын мәселелер бойынша жиналысы өтті.
Жиынға аудандық Мансап орталығының басшысы, жауапты мамандар және аудан әкімі аппаратының жанынан құрылған учаскелік комиссия мүшелері қатысты.
Кездесу барысында ҚР Президентінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында көрсетілген әлеуметтік көмек саясаты, АӘК-ті әділ және ашық түрде тағайындау тетіктері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары түсіндірілді.