«Есірткіге жол жоқ»: ауданымызда есірткі жарнамаларын жою бойынша рейдтік іс-шара өтті
Ауданымызда есірткі мен психотропты заттардың жарнамаларын жою мақсатында «Есірткіге жол жоқ» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға аудан әкімі аппараты, аудандық прокуратура мен полиция басқармасы, «Еңбекші» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, сондай-ақ ауданның белсенді жастары қатысты.
Рейд барысында коммерциялық нысандардың, көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғаларында және көше бойындағы бағаналарда жазылған синтетикалық есірткілерге қатысты жарнама белгілері анықталып, оларды жою жұмыстары жүргізілді.
⸻
Құрметті қала тұрғындары!
Егер өз аулаңызда, көшелеріңізде немесе басқа да қоғамдық орындарда есірткі жарнамасына қатысты күдікті жазбаларды байқасаңыз, дереу 102 нөміріне хабар беруіңізді сұраймыз.