«Enbek.kz» жүйесін пайдалану мәселелері бойынша кездесу өтті

«Enbek.kz» жүйесін пайдалану мәселелері бойынша кездесу өтті

Бүгін Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері мен Еңбек мобильді орталығының мамандары аудан аумағындағы білім беру мекемелерінің бірінші басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жаңа жұмыс орындарын құру жоспарының орындалуы және қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде бірыңғай «Enbek.kz» ақпараттық жүйесі арқылы тиісті рәсімдерді жүргізу қажеттігі түсіндірілді.

Жиынға қатысушылар жүйеге қатысты сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.