Bgov.kz - Бизнесті қолдауға арналған «Бір Терезе»!

Bgov.kz - Бизнесті қолдауға арналған «Бір Терезе»!

Құрметті Шымкент қаласының кәсіпкерлер»! Бұдан былай www.bgov.kz бірыңғай порталы арқылы бизнеске қолдау алуға болатынын хабарлаймыз. Бұл порталда микро бизнестен ірі бизнеске дейінгі барлық санаттағы кәсіпкерлер мемлекеттен қолдау алу үшін онлайн өтінім беріп, оны қарастыру поцесі кезеңдерін қадағалап отыра алады.

Порталдағы қаржылық қолдау 5 бағытты қамтиды:

  • Несие беру
  • Лизинг
  • Сақтандыру
  • Кепілдік беру
  • Инвестиция салу

Bgov.kz «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй компаниясы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Qazaqstsan Investment Corporation» АҚ және «KazakhExport» ЭСК» АҚ сияқты «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес ұйымдары қызметінің толық спектрін ұсынады.