Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжановпен, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н.Абдезов бірлесе Шымкент қаласындағы “Лотте Рахат” АҚ кондитерлік фирмасының жұмысшыларымен кездесу өткізді.
Семинар барысында, әркімнің еңбек саласындағы өз құқықтарымен бостандықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар екендігін, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайлар мен тәртіптен басқа, ешкімнің еңбек саласындағы құқықтарына шек қойылмайтындығы туралы жеткізілді.
Сонымен қатар, кездесуге қатысқан жұмысшылар аталған тақырыпқа сәйкес өз пікірлерін білдіріп қызу талқыланып, спикерлерге қойылған сұрақтарына жауаптарын алды.