«ХИМФАРМ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

«ХИМФАРМ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

«ХИМФАРМ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ
Шымкент қаласындағы химия-фармацевтикалық зауыт – 1882 жылы құрылған. Ең алғаш шығарылған өнім - сантонин.
Көптеген жылдар бойы зауыт тек қана фармацевтикалық шикізат шығаруға мамандандырылып келді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін компанияның басшылығымен «Химфарм» АҚ базасында халықаралық стандартқа сай келетін SANTO сауда маркасымен дайын дәрілік препараттарды шығаратын ірі заманауи бағдарламаны қолға алды. Республикадағы дайын дәрілік өнімдерді өндіретін жалғыз химия-фармацевтикалық зауыт болып саналатын аталмыш кәсіпорында өнімнің 200 түрі шығарылады. Компанияның республика бойынша 150-ден аса медициналық өкілдері бар. 2011 жылы Polpharma еуропалық фармацевтикалық компаниясы «Химфарм» АҚ-ның мажоритарлық акционеріне айналды.
Бүгінгі семинар-кеңес «Химфарм» АҚ-да Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжанов пен Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары Е.Ергештің қатысуымен ұйымдастырылды.
Семинар барысында зиянды еңбек жағдайларында еңбек етуші жұмыскерлерге арнайы әлеуметтік төлемдер төлеудің ерекшеліктері, Шымкент қаласының кәсіпкерлерінің кадрлық мәселелері бойынша оқу өткізу жөніндегі іс-шараларды тұрақты негізде ұйымдастыру, еңбек шартын және еңбек кітапшасын enbek.kz порталына тіркеу міндетті екенін, сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер, маңыздылығы туралы түсіндірме жүргізіліп, жұмыскерлердің еңбек құқықтары талқыланып, ұжым тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.