«QAZAQ BITUM» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗЕКТІ СЕМИНАР ӨТТІ
«Qazaq bitum»ЖШС-де Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжанов, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары Е.Ергештің қатысуымен семинар кеңес өтті.
Мекеме ұжымына еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер, еңбек қауіпсіздігі, Шымкент қаласының кәсіпкерлерінің кадрлық мәселелері бойынша оқу өткізу жөніндегі іс-шараларды тұрақты негізде ұйымдастыру, қауіпсіз еңбектің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын және зиянды еңбек жағдайларында еңбек етуші жұмыскерлерге арнайы әлеуметтік төлемдер төлеудің ерекшеліктері бойынша түсіндірілді.