«Гауһар тігін фабрикасы» ЖШС-нің қызметкерлеріне еңбек заңнамасы түсіндірілді

«Гауһар тігін фабрикасы» ЖШС-нің қызметкерлеріне еңбек заңнамасы түсіндірілді

«Гауһар тігін фабрикасы» ЖШС-нің қызметкерлеріне еңбек заңнамасы түсіндірілді
Бүгін, Шымкент қаласындағы тігін өнеркәсібімен айналысатын орта кәсіпорындардың бірі «Гауһар тігін фабрикасы» ЖШС-де Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясының басқарма басшысы Б.Қалжанов еңбек заңнамасы бойынша түсіндірме жүргізді.
Семинар Шымкент қаласының кәсіпкерлерінің кадрлық мәселелері бойынша оқу өткізу жөніндегі іс-шараларды тұрақты негізде ұйымдастыру, Еңбек кодексінің нормаларын, тиісті еңбек құжаттамасының қағидаларын және еңбек тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылды.
Жиында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер, маңыздылығы туралы түсіндірме жүргізіліп, жұмыскерлердің еңбек құқықтары талқыланып, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.