Шымкент қаласының кәсіпкерлерінің кадрлық мәселелері бойынша оқу өткізу жөніндегі іс-шараларды тұрақты негізде ұйымдастыру, Еңбек кодексінің нормаларын, тиісті еңбек құжаттамасының қағидаларын және еңбек тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, Бүгін Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекторы С.Хайитжанов «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Түркістан филиалы қызметкерлерімен семинар кеңес өткізді.
Семинарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі және оған енгізілген өзгерістер, маңыздылығы туралы түсіндірме жүргізіліп, жұмыскерлердің еңбек құқықтары талқыланып, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.