ЕСТЕ САҚТА, қызметкер, барлық жерде және әрқашан: БАСТЫСЫ – ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ!!!
-Еңбек шартында зиянды және қауіпті өндірістік факторларды қоса алғанда, еңбек жағдайларының дәйекті сипаттамасы көрсетілуі керек.
-Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары мемлекеттік стандарттарға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер талаптарына сәйкес болуға тиіс.
-Жұмыс берушілер мен қызметкерлер Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды орындауға міндетті.
-Өзінің немесе айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп туындаған жағдайда, қызметкердің жұмысты орындаудан бас тартуы оны тәртіптік жауапкершілікке тартуға әкеп соқпайды.
-Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен:
-қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуға, нұсқама беруге және білімдерін тексеруге;
-ауыр жұмыстарда, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерді мерзімдік медициналық тексеруден және тексерілуден өткізуге;
-ішкі бақылауды жүзеге асыратын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құруға;
-қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;
-қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен өндірістік обьектілерде еңбек жағдайлары бойынша 5 жылда кемінде бір рет мерзімдік аттестаттауды жүргізуге;
-қызметкерлердің жұмыс орындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, жұмыс жабдығы түрі үшін белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуге, онда тиісті техникалық паспорт, сақтандыру белгілері болуға және қоршаулармен немесе қорғау құрылғыларымен қамтамасыз етуге мідетті.
Жұмыс беруші:
-қызметкерлерді жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасағаны, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі өнертапқыштық ұсыныстары үшін ынталандыруға;
-еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзатын қызметкерлерді заңнамада белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқылы.
Қызметкер:
-саннитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілуге;
-денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде бұл жөнінде жұмыс берушіге жазбаша түрде хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;
-жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы дәйекті ақпарат алуға;
-еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай болмауына байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына;
-жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңсыз әрекеттеріне шағымдануға құқылы.
Қызметкер:
-әрбір жазатайым оқиға және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға;
-міндетті мерзімді медициналық тексеруден және ауысым алдындағы мединциналық куәландырудан өтуге;
-жұмыс беруші беретін жеке қорғану құралдарын қолдануға және мақсатқа сай пайдалануға;
-еңбек қауіпсіздігі мен қорғау нормаларын, ережелері мен нұсқаулары, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірістегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға және т.б. міндетті.