Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні!

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні!

Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) тарапынан 28 сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні деп жарияланған және бұл күн әлемнің барлық елдерінде атап өтіледі. Қазақстан Республикасы ХЕҰ-на 1993 жылдан бастап мүше болып табылады. 2005 жылдан бастап Қазақстанда Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтілуде.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің тарихы 1989-жылдан бастау алады. Сол жылы америкалық және канадалық жұмысшылар өндіріс орындарында мерт болғандарды еске алу мен жарақат алғандарға үкімет тарапынан қолдау көрсету жөнінде бастама көтерген. Бұл акция Жұмыс берушілердің, қызметкерлердің, жұртшылықтың назарын еңбекті қорғаудың шешілмеген проблемаларына аудару мақсатында өткізіледі, сондай-ақ осы проблемаларды шешуге ықпал етуге бағытталған.
Сол себепті, айтулы күнді бүгін қаламыздағы Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссия отырысында атап өтіп, онда 2022 жылдың қорытындысымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша үздік көрсеткіштерге қол жеткізгендер: «Үздік еңбекті қорғау инженері», «Үздік қауіпсіз кәсіпорын», «Үздік еңбекті қорғау қызметі» атты номинациялармен марапатталды.

Сондай-ақ бүгінгі үш жақты комиссияның отырысында Еңбек жолы конкурсының басталғандығы хабарланды. Осы конкурстың аясында жұмыс берушілерден, жұмыскерлерден ұсыныстар қабылданып, өңірлік кезеңі іріктелетін болады. Құжаттар 2023 жылдың 1-ші шілдесіне дейін қабылданады.