МАНСАП ЖОЛЫН ҚҰРЫҢЫЗ

МАНСАП ЖОЛЫН ҚҰРЫҢЫЗ

🟢Жұмыс берушілерге хабарлама

Құрметті жұмыс беруші❗️

Еңбек министрлігі Сізге Электрондық еңбек биржасында қажетті мамандарды іздеу және бос жұмыс орындары туралы мәліметті орналастыру мүмкіндігін пайдалануды ұсынады.
Ал егер Сізде кадр қызметі жоқ болса, онда - Электрондық еңбек биржасы Сіз үшін цифрлы кадрлық платформа бола алады. Осы жерден Сіз өңірлер, кәсіптер және дағдылары бойынша іздеу мүмкіндігімен 100 мыңнан астам өзекті түйіндемелер таба аласыз. Сондай-ақ әлеуетті ізденушімен тікелей байланысқа шығып, әңгімелесу жүргізуіңізге болады.
Электрондық еңбек биржасының барлық мүмкіндіктері туралы enbek.kz порталы арқылы толық біле аласыз.
* Сонымен қатар, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 28-бабына сай жұмыс беруші бос орындардың бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жiберуге міндетті екенін еске саламыз. Осы талапты орындамау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.